«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Ахметжан Есімов импорттық тауарлар мен қызметтерді отандық тауарлармен алмастыруға ниетті. Осы мақсатта қор «Атамекен» Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп арнайы бағдарлама әзірледі.
Бүгін Астанада «Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі» форумы өтті. Іс-шараның негізгі тақырыптарының бірі еліміздегі жаңа өндірістерді дамытуға ынталандыру болып табылады.
Форум алаңында осы саладағы ынтымақтастық туралы келісімге «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Тимур Құлыбаев қол қойды.
«Бағдарламаның мәні — біз бірлесіп Қордың компаниялар тобы сатып алатын және тек қана импорт болып табылатын тауарлардың тізімін бірлесе қалыптастырамыз. Содан кейін біз «Атамекен» палатасымен бірге елімізде өндірісті ұйымдастыру үшін әлеуетті инвесторлар арасында бәсекелестік жүргіземіз. Қор, өз тарапынан, конкурстың жеңімпаздарымен ұзақ мерзімді шарттар жасасуға дайындығын дәлелдейді, ол қажетті өндірісті орнатады », — деп түсіндірді Ахметжан Есімов.
Оның айтуынша, мұндай көзқарас республиканың аумағында жүздеген жаңа өндірістік кәсіпорындар құруды ынталандырады. Бұдан басқа, бұрын Қазақстанда өндірілмейтін тауарлар өндірісі пайда болады.
Қорды басқару есебіне сәйкес жаңа өндіріс жаңа жұмыс орындарын және бюджетке қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етеді.