jasqazaq.kz

Есіл өзеніндегі балыққа пәлекет қайдан келді?

03 қараша 2016, 23:42

bbbbbb

Есілде төтенше жағдай! Өзенге құятын Ақбұлақ каналында балық қырылып жатыр. Сөйтіп Астананың тура қақ ортасындағы жағалауды  өлексе басып қалды. Қырылған балық жерде де, су бетінде де шашылған. Елордалық шенеуніктер судан сынама алып, жұттың неден келгенін анықтауға кірісті. Экологтар болса, өзенге химиялық қауіпті зат төгілген деп дабыл қағуда. Тіпті дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Бұл жағалауда үш күннен бері балық жаппай қырылып жатыр. Тұрғындар су бетінде қалықтаған өлексені көргенде естерінен тана жаздаған.

Георгий Степанов, Астана қаласының тұрғыны:

-Әкімдіктен келген комиссия судан өте көп өлі балық алып шықты. Арасында құстар да бар. Мен бұрын-соңды балықтың бұлай жаппай қырылуын көрген емеспін.

Судың беті де, жағалау да өлексеге  толы. Ал Ақбұлақ каналы тіке Есілге құятын ескерсек, Астана арқылы ағып жатқан өзенге үлкен қауіп төніп тұр дейді мамандар.

Мұсағали Дуанбек, Қазақстан экологиялық қорының төрағасы:

-Балық өліп жатқан жер  судың жаңадан басталатын жері. Оттегі жетіспеді деп айтатын кезең емес. Судағы шөптің бәрі гүлдеп, жайнап тұрған кез. Балыққа қорек жеткілікті.

Яғни, эколог суға химиялық қалдық төгілуі мүмікін деп отыр. Әлі мұз қатпаған мезгілде балықтың өліміне басқа себеп жоқ. Оның үстіне мөңке, сазан сынды балықтар оңайлықпен жан бермейді екен. Экологтардың болжамын әкімдіктегілер де мойындап отыр.

Мансұр Ошурбаев, Астана қаласы Экология департаменті басшысының орынбасары:

 —Өзенде балық өзінен-өзі қырылып қалуы мүмкін емес. Жақын маңда ірі үш кәсіпорын бар. Олар: ТЭЦ-2, Кірпіш зауыты мен Астана су арнасына қарасты станция. Осы мекемелердің бірі өзенге қалдық тастады ма? Бұның нақты себебі сараптаманың қорытындысынан кейін белгілі болады.

Қазір сарапшылар судан қайта-қайта сынама алып, оны мұқият  зерттеуде. Нақты қортындысын жариялауға кемі бір апта уақыт керек.

-Экологтар судың ғана емес, жағада қырылып жатқан балықтың да құрамын жіті тексеру керек деп отыр. Өйткені, өлекселерден жұқпалы ауру тарауы да әбден мүмкін екен. Ал бұл маңда Астана тұрғындары жиі серуендейді және жұрт көбіне балық аулауға шығады.

Сондықтан ең алдымен жағада жатқан балықтарды жинап алып, өртеу керек дейді мамандар. Ал қырылған балықтарға қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. Полицейлер мен прокурорлар мән-жайды тергеп жатыр. Егер өзен жағасындағы кәсіпорындардың бірі суға қалдық төккені анықталса, ірі көлемде айыппұл салынбақ.

ktk.kz

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету