jasqazaq.kz

Есек терісін сатқан саудагерді итпен қуалап ұстады

02 қараша 2016, 12:25

esek

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданында есек ұрлап, сойып, оның терісін сатумен айналысты деген күдікті ұсталды.

Жасы 30-дан асқан азаматты қолға түсіруге «Рекс» есімді қызметтік ит көмектескен.

Мақтарал аудандық ІІБ-не бірнеше тұрғын арызданып, есектерін белгісіз біреудің ұрлап кеткенін хабарлаған. Оқиға орнына полицейлермен бірге кинологтар да барып, иіссезгіш қызметтік ит қылмыстың ізін суытпай ашып берді. Белгілі болғандай, күдікті азамат мақта алқабында есектерді сойып, терісін сатумен айналысып келген екен.

Ұсталған азамат 1985 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ол жасаған қылмысын толық мойындаған. Заттай айғақ ретінде полицейлер одан 4 есектің терісін тәркілеп алды.

Аталған жайт бойынша қылмыстық кодекстің екі бабы: «ұрлық» және «жануарларға қорлық көрсету» деректері бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

caravan.kz

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету