jasqazaq.kz

Ернардың анасы екінші рет ана атануға қорқып жүргенін айтты

07 қараша 2017, 14:38

Бала күнінен қартайып кеткен Ернар есімді балақайдың анасы екінші мәрте ана атануға қорқып жүргенін айтады. Себебі 5 жасар баланың терілері салбырап, жасына жетпей кәрі көрінеді. Ал бұл дерт негізі қан арқылы келеді екен. Яғни баланың аталарында осындай дерт болған болуы мүмкін, деп хабарлайды stan.kz.

“Дәрігерлер түрлі диагноз қойды. Негізінен баланың жасына сай дамуы бәрі орнында. Мәселе тек осы сыртқы көрінісінде болып тұр. Негізгі диагноз терінің уақытынан бұрын қартаюы. Қазіргі кезде германиялық дәрігерлерге қан тапсырдық. Соның қорытындысын күтіп жүрміз”,-дейді Ернардың анасы.

Ернардың өзі не қалайтынын жақсы түсіндіре алады. Жасына сай сөйлей біледі. 5 жастағыбалаға сай алаңдағы әткеншектерге ұшып, сатыларға өрмелеуде ешкімнен кем емес. Тамақты да жақсы жейді екен.

Үйде ата-анасы тек қазақша сөйлегенімен Ернардың тілі орысша шығыпты.

“Ернар өте зерек. айтқан дүниені қағып алады. Бала ерекше болғандықтан оны балабақшаға берген жоқпыз. Қандай метепке баратынын білмедім, әлі екі жыл бар, енді ол жағын дәрігерлермен кеңесе отырып шешеміз деп ойлаймын. Қазір шахмат үйірмесіне қатысып жүр. Ағайлары қабілетті деп мақтап жатыр. Ернардың орысша сөйлейтініне өзіміз де қайранбыз.Оңтүстіктің адамдарымыз, отбасында ешкім орысша сөйлемейді. ауладағы балалар, көретін мультфильмдердің әсері шығар. Өзі орысша сөйлегенді ұнатады”,-дейді анасы.

Ернардың дертіне қатысты әлі күнге бірде-бір дәрігер нақты диагноз қоймапты. Сондықтан да ата-анасы баласына ем іздеулерін шетел асып та жалғастырып жатыр екен. Қазірге терінің қартаюын сақтау мақсатында гормондық дәрі қабылдайды екен. Оның бір құттысы бір аптаға жетеді екен. Әрі бағасыда айтарлықтай қымбат-74 мың теңге тұрады екен.

Хабар арнасындағы “Ана мен бала” бағдарламасына қатысқан Ернар мен анасы көмек қолын созғысы келетін азаматтардың қолын қайтармайтындарын да айтып өтті. Ол үшін бағдарлама редакциясына хабарласу керек.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы