jasqazaq.kz

Ермахан Ибраимов: Қазақ спортына өзгерістер керек

16 қараша 2016, 13:27

 

ermahanБүгінгі таңда қазақ спортын одан әрі дамытуға Мәдениет және спорт министрлігі көптеген игі іс-шараларды атқарып жатыр. Солардың бірі спорт заңдарын қайта қарап, өзгертулер жасап, спортшыларымыздың мүддесін, құқығын қорғаудағы, сондай-ақ, жоғары жетістіктерге жетудегі барлық талаптарын заңды түрде жүзеге асруды көздеп отыр. Осыған орай бокстан 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов өз пікірін білдірді. «Қазақ спортына өзгерістер керек екені белгілі. Осыған орай  спорт саласында «Бұл заңға енгізілгелі отырған жаңа өзгерістерді мен өз басым толық қолдаймын. Ешкімге де жасырын емес қой, қазір бізде кей өңірлер сол жердің климаттық жағдайы, спортшыларының деңгейіне сай келмейтін спорт түрлерін дамытуда. Керісінше сол аймақта дамуына толық мүмкіндігі бар спорт түрлеріне көп көңіл бөле алмай отыр. Бұл жолғы заңға енгізілетін өзгерістер осы мәселені шешуге бағытталған. Парламенттегі халық қалаулыларының талқысынан өтіп, тағы да бірқатар жақсы өзгерістерді сол кісілер ұсынады деп үміттенемін. Жалпы, қорытып айтқанда осы өзгерістер отандық спорт саласының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады деп ойлаймын», — деді ол.

ҚазАқпарат

 

Бүгін, 14:03
Қазақстандық альпинист Конституцияны Гималайдағы Айленд Пик шыңына көтерді
Бүгін, 13:00
Жастар неге үйленуге асықпайды?
15 мамыр, 12:25
Бибігүл Дандығараева: Ұлттық құрылтай – елдің даму бағдары
14 мамыр, 16:42
Маржан Арапбаева: «Бақыттырақ болу үшін, мұрнымды жасаттым» (Видео)
14 мамыр, 16:16
Түркістан: егістік сусыз қалмайды
14 мамыр, 15:14
Түркістан облысында 14 индустриалдық аймақ жұмыс істейді
14 мамыр, 15:02
Түркістан: 41 мектепке жаңғырту жұмыстары жүргізіледі
14 мамыр, 14:50
Түркістан: Жол жөндеу жұмысы қарқынды
06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды