jasqazaq.kz

Ерлан Қарин: Қазақстан ашық диалог пен бірлескен шешім қабылдаудың үлгісін көрсетіп отыр

15 наурыз, 8:36

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.  

Мемлекеттік кеңесші: «Бүгінгі референдум конституциялық реформаға қатысты жарты жылдан астам уақытқа созылған қоғамдық талқылаулардың қорытындысы.
189 күн бойы талқылауға мыңдаған азаматтар, сарапшылар мен қоғам өкілдері қатысты. Осы кезең ішінде біз қоғамдық белсенділіктің әлдеқайда артқанын, азаматтардың кеңінен тартылғанын көрдік.
Шын мәнінде, бұл референдум Қазақстанның болашағын айқындайды. Бүгін азаматтар қандай қоғам құратынымызды, еліміз қандай құндылықтар мен қағидаттарға сүйене отырып дамитынын шешіп жатыр.
Еске салайын, бұл соңғы төрт жылдағы үшінші референдум. Президенттің барлық маңызды әрі негізгі шешімдер референдум арқылы, яғни барлық азаматтардың пікірін ескере отырып қабылдануы тиіс деген қағидаты қазақстандықтар үшін қалыпты, саяси өміріміздің орныққан тәжірибесіне айналды.
Соңғы жылдары Қазақстан мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогтың және бірлесіп шешім қабылдаудың үлгісін көрсетіп келеді. Еліміз саяси өмірдің жоғары қарқынын және прогреске деген ұмтылысын танытып жатыр», — деп атап көрсетті.

JQ-Aqparat

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр