Ерлан Қарин: Ең алдымен жалпыұлттық мүдденің біртұтастығына мән беруіміз қажет

05 маусым, 14:29

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдары тәуелсіздігімізді нығайтуға, ұлтымызды ұйыстырып, қоғамдағы тұрақтылық пен береке-бірлікті баянды етуге бағытталған. Міне, сондықтан мемлекет жалпыұлттық мүддені, мемлекеттілікті сақтау айрықша мән беріп, елдің ынтымағына сына қаққысы келетін кез келген іс-әрекетке заң арқылы қатаң тосқауыл қояды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласында еліміздегі идеологиялық жұмыстың өзекті мәселелері мен міндеттері туралы баяндалады.

«Бірлік пен даму: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының басты негіздері» атты мақалада қоғамның ашықтығы, эконо¬микалық реформалардың іске асуы, коммуникацияның жаңа түрлерінің қарқынды дамуына байланысты жаңа страталар (қоғамда өзінің әлеуметтік сипатына орай дараланып тұратын адамдардың үлкен шоғыры –ред.), әлеуметтік топтар, субмәдениеттер, санқилы саяси және идеологиялық көзқарастардың пайда болатыны сөз болады. Расында, қазір біздің қоғамда саяси ұстанымы әртүрлі азаматтар, атап айтқанда, либералдар, социалистер, консерваторлар, оңшылдар, солшылдар және центристер бар. Олар түрлі саяси идеалға және құндылықтарға сенеді. Осы орайда пікір алуандығын дамыта отырып, ең алдымен, жалпыұлттық мүддеміздің біртұтастығына баса мән беруіміз қажет. Әсіресе, ел ішіне іріткі салатын әрекетке ғана емес, жұртты арандатып, дау-дамай туғызуы мүмкін кез келген сөзге абай болған жөн. Өйткені, қоғамда тым шолақ ойлайтын әсіребелсенділер, кейде тіпті іс-әрекеті ақылға сыймайтын адамдар көпшілікке өзінің сыңаржақ көзқарасын күшпен таңып, жұртшылықтың пікірін өз ыңғайына қарай бұрғысы келеді.

Мұндай теріс құбылысқа тосқауыл қою қажет. Мемлекеттік кеңесші қазақтың «Ала жіпті аттамау» деген ұғымын қаперге салады. Саясатта да осы қағиданы берік ұстанып, елдігімізге, бірлігімізге және ынтымағымызға сызат түсіретін қадамнан аулақ болған абзал. Атап айтқанда, қоғамдағы пікірталаста аттап өтуге болмайтын шек, яғни, «Redline» («қызыл сызық») нақты белгіленуі тиіс. Бұл пікір еркіндігін шектеу, қандай бір тақырыпты талқылауға тыйым салу немесе цензура орнату емес. Керісінше, бұл — саяси пікірталас кезінде ұстамды болып, сабыр сақтауға шақыру. Осыған орай, ел алдында жүрген азаматтар, яғни қоғам белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері, блогерлер, азаматтық сектор өкілдері берекелі бірлігімізге сызат түсіпесін десе: этносаралық қатынастар мен тіл мәселесіне, дін саласы және сыртқы саясатқа қатысты ахуалды ушықтырмауға баса мән беруі тиіс.

Ерлан Қариннің пікірінше, біздің қоғам мұндай мәселелерге қатысты жанжал туғызатын сөз таратуға, ашу-ызаға толы мәлімдеме жасауға болмайтынын жақсы түсінеді. Осы тақырып төңірегінде білікті мамандар мен сарапшылар ғана кәсіби тұрғыдан пікір таластыра алады.

Мемлекет елдің ынтымағын бұзып, шаңырағын шайқалтқысы келетін кез келген әрекетке заң арқылы қатаң тосқауыл қояды. «Шектен шығуға жол жоқ» деген қағида әрдайым басшылыққа алынады. Біз дін бостандығын қолдаймыз, алайда соқыр сенім мен надандыққа қарсымыз. Біз отаншылдықты қолдаймыз, алайда ксенофобия мен әсіреұлтшылдыққа қарсымыз. Біз либерализмді қолдаймыз, алайда жүгенсіздік пен нигилизмге қарсымыз» делінген мақалада.

JQ-Aqparat

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде