jasqazaq.kz

Ерлан Қарин: Идеалдарды ойдан шығарып, іздестірудің қажеті жоқ.

12 қараша 2016, 16:06

Қазақстанда алғаш теракт болған күн еске алынды. Тура 5 жыл бұрын Таразда жиһадшылардың қолынан 7 адам қаза тапты. Өзге адамдардың өмірін сақтап қалу үшін өз жанын пида еткен қаһармандарды Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин еске алды.

eca76dd55edc6d2dacb76a07341870a8_xl

Саясаттанушы бұл туралы Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.

«Бүгін Тараздағы қайғылы оқиғаға 5 жыл болады. 2011 жылдың 12-қарашасында біз алғаш рет терроризм қауіп-қатерімен бетпе-бет келдік. Ол күндері осындай жайттың біздің де елде орын алатынын көріп, естіп жағамызды ұстап, қатты шошыдық. Бірақ сонымен қатар біздің тыныштығымыз бен қауіпсіздігіміз үшін өз жанын пида етуге әзір азаматтарымыздың барын да білдік.

Басқа адамдарды аман алып қалу үшін жарылғыш гранатаны денесімен саналы түрде жауып, ерлік танытқан капитан Ғазиз Байтасов мәңгі жадымызда. 5 ай бұрын Ақтөбедегі теракт кезінде майор Даниэль Майлыбаев қылмыскерлердің жолын кес-кестеп, төсін оққа тосты. Бір айдан соң Алматыда полиция старшинасы Аян Ғалиев кісі өлтірушіні ауыздықтауда өзін құрбан етті» деп жазады Қарин.

Ол осы қаһармандарын ел сирек еске алатынына өкініш білдірді.

Есесіне көбірек бейбіт адамдарды қырғысы келетіндердің, кісі өлтіруші қылмыскерлердің қылығы мен биографиясы туралы көп айтылады.

Оған қоса қанды қолдарға романтикалық ат беріп қоямыз, мысалы Тараз терминаторы немесе Алматының сұр мергені деген секілді.

— Содан кейін қазіргі жастар еліктейтін идеал, реал жоқ деп дауласамыз.

Идеалдарды ойдан шығарып, іздестірудің қажеті жоқ. Өзінің ар-ожданымен міндетін жақсы атқарғандарды дұрыстап еске алуды, олардың туған-туыстарын қолдап, құрмет көрсетуді үйренсек болды. Сондықтан біз осындай маңызды даталы күнді ұмытпай, өзіміздің нағыз қаһармандарымызды еске алып тұралық, оларды ұмытпасақ деймін, — дейді саясаттанушы.

365info.kz

05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)