jasqazaq.kz

Еркін Рақышев: Мен қоғамда туындаған пробеманы көтергім келеді (Видео)

27 наурыз 2023, 20:48

«Бақытыңды аяла». Осындай атаумен режиссер Еркін Рақышевтің жаңа фильмінің тұсауы кесілді. Мейірімділік пен адамгершілікті насихаттайтын туынды көрерменді бейжай қалдырмасы анық. Фильмде ковид ауруханасына ерікті болып жұмысқа тұрған басты кейіпкердің басынан өткен оқиғасы көрсетілген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

 

— Тоқта, тоқтаңдар, науқас демалмай жатқан сияқты. Тыныс алу аппараты істемей қалды.

Ковидтың асқынған шағы. Ауруханаға кезекті науқас түсті. Жағдайы ауыр. Басты кейіпкер Қуат қауіпке қарамай, жасанды дем беру арқылы бойжеткенді аман алып қалады. Араға біраз уақыт салып Аружан есімді сол қызды қайтадан жолықтырады. Содан бері жігіттің өмірі күрт өзгереді.

Абай Мәжитов, актер:

— Қуаттың кейіпкерін сомдау қиын болған жоқ. Бірденбір себеп: менің де өмірім ол жігітке ұқсастау. Мен де барынша қолдан келгенше көмектесіп жұртқа сөйтіп жүремін. Кинода одан әрі мейірімді болуды, қайырымды болуды, иманды болуды үйретті.

Екі жастың арасындағы шытырманға толы оқиға түрлі ойға жетелейді. Әркім өзін осы кейіпкерлерден табуы да мүмкін. Фильм режиссері Еркін Рақышев бұл фильмде қоғамдағы өзекті мәселені қозғағым келді дейді.

Еркін Рақышев, режиссер:

— Мен әр киномда қоғамда туындаған проблеманы көтергім келеді. Мәселелерді, атап айтқанда, мысалы, жетімдерді, өздеріңіз білесіздер, «Әйгерім» деген немесе «Жаралы сезім», «Астанаға көктем кеш келеді», Әр кинода қоғамда туындаған проблемаларды көтеремін. Киноны біз жарты жылдай түсірдік. Бюджеті 30 мың доллар. Ақша табу да бізге қиынға түсті.

Басы қатты болғанмен демеуші табылып, фильм сәтті түсірілген. Қазір кинотеатрлармен келіссөз жүргізіп жатыр. Бәрі оңынан шешілсе, «Бақытыңды аяла» фильмі келер айда қалың көрерменге жол тартуы мүмкін.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды