

Ерке Есмахан- отандық шоу бизнестегі көріктілердің бірі. Бірінші сәтсіз құрған шаңырақтан соң, Еркеге ұсыныс жасап, өлең арнап жатқандардың қарасы көбеюде. Ал өз кезегінде, Ерке махаббатын тапса, тағы да жар атануға қарсы еместігін білдірген еді.
Осы жолы сезімін ел алдында білдірген әзілкеш Нұрболхан Шарапов еді. «Көңілді тапқырлар алаңы» кешінде танымал әзілкеш Еркеге ұсыныс жасады.
Сценарий бойынша Еркеге раушан гүлін сыйлап, сезім білдірген әзілкеш өзіне тиісті сақинасын тәтті торт ішінен таба алмай қалады.
Ал Ерке болса, сақинаның бос дүние екендігін алдыға тартып, әзілкешке келісімін береді.
Желі қолданушылары Ерке мен Нұрболханды «шынайы өмірде де жарасымды жұп болар еді» деп жақсы тілектерін жаудыруда. Бұл туралы 365info.kz хабарлады.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=59&v=AjvX0728p3Y
Ұсыныс жасаған сәтін 12:00 минутында көре аласыздар.