Ерке Есмахан тағдырлас қыз-келіншектерге тілектестігін білдірді

14 шiлде 2023, 10:31

Әлеуметтік желіге әнші Ерке Есмахан өзінің бақытты сәттерімен бөлісті.
Әнші күйеуі және ұлы Мүсілім бәрі бірге демалып жүрген сәтін желіге жүктеп, көпшілікті тәнті етті.
«Бақытты болыңыздар! Менің де ұлыма жақсы әке болатын жан табылса екен”, “Тіл-көзден сақтасын”, “Бақыттарың баянды болсын”, “Қандай керемет көрініс. Райым екеуіңіз көпбалалы отбасы болыңыздар”, – деп жазды желі қолданушылары.
Ерке Есмахан оқырманнан келген ақжарма тілектерге толы хаттарға жауап берді.
“Күнде мыңдаған тілек оқимыз. Жазып жатқан жақсы сөздеріңізге рахмет! Әумин, айтқандарыңыз келсін. Менімен тағдырлас қазақтың қаракөз қыздарына тілерім. Балаларыңызға әке орнын басатын, жүрегі мейірімге толы ақылды, парасатты жар жолықсын. Ал өзіңізді сүйіп, сыйлап, қорғайтын менің Райымбегімдей ер жолықсын. Шын көңіліммен тіледім. Баршаңызға тек бақыт. Шаңырақтарыңызда тек шаттық, молшылық, береке болсын”, – деп жылы лебізін білдірді әнші.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды