jasqazaq.kz

Ерке Есмахан Ninety One тобының экс-мүшесімен кездесіп жүргенін мойындады

01 ақпан 2021, 14:01

Ерке Есмахан Ninety One экс-мүшесімен Азамат Зенкаевпен кездесіп жүргенін мойындады. Әнші алғаш рет Азамат Зенкаевпен ара қатынасына қатысты пікір білдірді.

«Ерке Есмахан болу да оңай емес. AZ-мен жүру де оңай емес, бір қарағанда», — деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Осылайша Ерке Есмахан Зенкаевпен қатынасы жайлы екіұшты жазба қалдырды.

Бұған дейін БАҚ бетінде Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев көңіл қосты дген ақпарат тарады. Желі қолданушылары екі әншінің бірге жүрген сәттерінің суреттерін жариялап жатты. Алайда Зенкаев та, Ерке де ара қатынасы жайлы мойындаған да, теріске шығарған да емес.

Әнші бұған дейін сезіме толы жазба жариялады. Махаббат туралы айтқан ол көпті толғандырып қойған еді.

Желідегі оқырмандары тілегін білдіріп, енді бірі сан сауалдар қойып үлгерді.

«Енді екеуіңнен күшті фото күтеміз», «Жай ғана хайп, хайпсыз өмір сүре алмайсыздар ма?», «Ресми түрде мойындағаныңызға рахмет», «Болды, енді бәріміз тыныш ұйықтайтын болдық», «Сіздер жақсы жарасасыздар, бақыт тілеймін», «Өнер адамымен бірге бола аласыз ба?», «Жүрегіңіздің иесі өзіңізсіз», деп жазды олар.

Айта кетейік, жастар арасына аса танымал NinetyOne тобының мүшесі Азамат Зенкаев тамыз айында топтан шығып кетті. Әнші топтың лидері, әрі рэпері болды. Әншінің өзі топтан не себепті шығып кеткенін ашып айтқан жоқ.

stan.kz

20 маусым, 13:08
Түркістан: Бос орындар жәрмеңкесі мен форум өтті
20 маусым, 12:52
Түркістан: Балалар суицидіне түрткі болатын жағымсыз факторларға қарсы күрес жалғасады
20 маусым, 11:59
Түркістан: Жеті жылда тұрғын үй құрылысы үш есе өсті
20 маусым, 11:34
Кибербуллингтің алдын алу – суицидке жол бермеу
19 маусым, 16:05
Түркістан: Жеті жылда индустриалдық аймақтардың жұмысы өрледі
19 маусым, 15:22
Рухани құндылық: «Дәстүрін дәріптеген әз Түркістан» өнер фестивалі өтті
19 маусым, 14:41
Түркістан: Жеті жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 4, трлн теңгеге жетті
18 маусым, 16:26
Шара Әбдірахманова: Бала ештеңе айтпаса да, іштей көмек сұрап тұруы мүмкін
18 маусым, 15:10
Түркістан: Келес ауданында газ тартылып, жол жөнделіп, ауыз сумен қамтылуда