Ерке Есмаханның ендігі арманы лайықты жігіт кездестіріп, тұрмыс құру. Жарына іздеу салған әнші мұны ашық айтудан қымсынбайды, деп жазады Stan.kz.
Бұған дейін “Қайда, жоқ-жоқ” деп әндеткен Ерке күні кеше “КЗ жігіт” атты бейнебаянын ұсынды. Жаңа туындыда Ерке өзіне қандай ер азаматтардың ұнайтынын әңгімелейді. Міндетті түрде қазақ жігітіне тұрмысқа шығатынын айтады.
Бұл ретте тыңдармандардың бір тобы күйеу іздеп, бұл туралы жаһанға жар салу қазақ қызына жат деп әншіні сынаған. Еркенің мін тағарларға берер жауабы дайын.
“Түсінбегендерге айта кетейін, бұл “Қайда?” клипінің жалғасы! Менде еркіккеннен аяғымды ауыртып, сол бір жігітті іздеп жүргенім жоқ! Он мне очень нужен! Қалайда табу керек! Шаруам бар! #Байіздеп #Айтаберсінжұрт”, – деп жазды Ерке.
Еске сала кетейік, Ерке Есмаханның “КЗ жігіт” атты бейнебаянын мына сілтемеге өту арқылы тамашалай аласыздар.