Алматыда жоқ-жоқ, Астанада жоқ-жоқ! Ерке Есмахан болашақ жарына іздеу салғалы төрт айдың жүзі болды. Бір-ақ күнде желіні дүр сілкіндірген клипті осы уақыт аралығында тамашалағандар саны 40 миллионға жақындады. Еркеге ғашық жігіттердің біразы “Қайда?” әніне жауап шығарып, өзін қайдан табуға болатынын айтты. Сонымен Ерке өмірлік серігін тапты ма? Оның таңдауы кімге түсті?
Ерке Есмаханның жаңа әні “КЗ жігіт” деп аталады. Жаңа туындыда Ерке өзі ғашық жігіттің образын сипаттайды. Оның міндетті түрде ержүрек қазақ жігіті болатынын айтады.
Алайда қуануға асықпаңыз! Себебі Ерке әлі де сүйіктісін тапқан жоқ. Себебі Ерке оның атын да, жасын да білмеймін деп әндетті.
Әдеттегідей Еркенің шығармашылыға деген тыңдарманның қызығушылығы ерекше. Бұлай деуімізге бір себеп – жаңа клипті небәрі екі сағатта 60 мыңға жуық жан тамашалап үлгерген.
Бұл ретте тыңдармандар пікірі екіге бөлінген. Бірі “КЗ жігітінің” “Қайда?” сияқты хит болатынын айтса, екіншілері кереғар пікір білдіріп, сөз таластыруда. Ал сіз не дейсіз?