Ереже бұзған талапкерге грант жоқ

10 шiлде 2023, 15:36

ҰБТ нәтижесі жойылған және тестілеуге кіргізілмеген талапкерлер тамызда тест тапсырса да, грантқа таласа алмайды. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осылай деді.

«Биылғы өзгеріс бойынша талапкер ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігінде ереже бұзса, екінші мүмкіндігін пайдалана алады. Былтыр бұл тұрғыда тәртіп қатаң болатын. Ереже бұзды ма, автоматты түрде екінші мүмкіндіктен айырылған.

Ал бір ғана мүмкіндікке тіркеліп, тест нәтижесі жойылған балалар тамыз айында ақылы ҰБТ-ға қатыса алады. Бұл оларға шекті балл жинай алған жағдайда жоғары оқу орнында ақылы негізде білім алуға мүмкіндік береді. Негізгі ҰБТ кезінде нәтижесі жойылған талапкерлер қаңтар мен наурыз ҰБТ-сында тест тапсырған болса, сол сертификатты көрсетіп, ақылы негізде оқи алады», — деді ол.

Орталық директоры ереже бұзған талапкерлерге биыл гранттан үміттенбеуіне болатынын айтты. «Біз айтып отырған 700-ден астам адам тамызда ақылы ҰБТ тапсыра алады. Бірақ ақылы бөлімге ғана үміттене алады. Себебі грантқа тек жазғы ҰБТ сертифкаты ғана жарамды», — деді Руслан Емелбаев.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды