jasqazaq.kz

Ереуіл жасаған кеншілер жер астынан шықпай отыр

12 желтоқсан 2017, 11:40

Қарағандыда ереуіл ұйымдастырған «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының кеншілері бір тәуліктен астам уақыт бойы жер үстіне көтерілмей отыр. Шахта ішіндегі кеншілер талаптарының орындалуын талап етуде. Келіссөздер жалғасуда, деп хабарлайды Baq.kz.

Қарағанды облысы әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес ереуілдеуші кеншілердің өкілдері «АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясының басшылығымен кездесу үшін жер бетіне көтерілген. Қалған кеншілер әлі де болса жер астында қалып отыр.

«Кездесу «Қорғау» көмір кеншілер кәсіподағының және облыс әкімдігі басшылығының қатысуымен өтті. Келіссөздер жалғасуда», — дейді облыс әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы Әлия Сыздықова.

Ал, кеше кешкілік Шахтинск қаласының орталық көшесіндегі алаңға кеншілердің отбасы мүшелері мен туған-туыстары митингке шыққан. Ереуілдеуші кеншілерді қолдау шарасын ұйымдастырып, митингке шыққандар Шахтинск қаласының мәдениет сарайына шақырылып, олар облыс әкімінің орынбасарлары мен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының өкілдерімен кездескен болатын. Олармен кездесу үшін Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Жандос Әбішев, облыс әкімінің энергетика, төтенше жағдайлар және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша орынбасары Анатолий Шакурпа, облыс прокурорының орынбасары Мейрам Таутенов, сондай-ақ Шахтинс қаласы әкімдігінің өкілдері келген.

«Қазір шахталарда келіссөздер жүргізіліп жатыр. Барлық төрт шахтаға жергілікті атқару қызметінің өкілдері, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ компания өкілдері, еңбек инспекциясы және бастамашыл топтың мүшелері түсті. Төрт шахтаның кеншілері әрбір шахтадан үш адамды таңдап, келіссөздер жүргізіп жатқан бастамашыл топқа жіберді. Кеншілердің жалақысы бойынша талқылау жүріп жатыр. Орта есеппен алғанда еңбек ақы 5 тен 30 пайызға дейін өседі», — деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішев.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі басшысы Әлия Сыздықованың айтуынша, кездесуде кеншілердің туған-туыстарына қалыптасқан жағдай туралы, сонымен қатар қойылған барлық сауалдар бойынша түсініктеме берілген.

Еске салайық, Қарағандыда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі төрт шахтаның 200-ге тарта жұмыскері ереуіл ұйымдастырған. Олар 10-желтоқсан күні түнгі ауысымнан кейін жер үстіне көтерілмеген.

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң