Австралия тұрғындарының бірі өзіміз білетін бірде-бір жәндікке ұқсамайтын, көрсең, түрі қорқынышты тіршілік иесін таспаға жазып алыпты.
Бірден айта кетейік, видеодан аю-көбелекті тамашалай аласыздар. Дәлірегі, Азия құрлығының оңтүстік шығысында тіршілік ететін жәндіктің аталығын. Оның әрбір «аяғында» 3 мыңдай түк бар. Ол бұл түктердің көмегімен төңірегіне иіс таратады. Қанатын бір қаққанда исі алысқа тарап, аналық көбелектердің назарын өзіне аударады.
https://youtu.be/KboiBDyGE38