jasqazaq.kz

Ердуан АӨСШК саммитінде мәлімдеме жасады

13 қазан 2022, 14:10

Түркия президенті Режеп Тайып Ердуан қазақстандықтарға қонақжайлығы үшін алғыс білдіріп, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) саммитінде мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қымбатты ағам, Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, құрметті қонақтар, мен АӨСШК саммитіне қатысқаныма қуаныштымын. Тоқаев мырзаға және қазақ бауырларға қонақжайлық үшін алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, осы отырысқа қатысқан Кувейтке қош келдіңіздер деймін. Мұның барлығына жақсылық әкелгенін қалаймын», — деді Түркия президенті.

Ердуанның айтуынша, Түркия басынан бастап конференцияға қатысушылар құрамын кеңейту бастамасын қолдаған.

Ол жаһандық қауіпсіздік архитектурасы неғұрлым әділ және тең құқықты түсіну негізінде құрылуы керек екенін атап өтті.

«Украинадағы кейінгі дағдарысты аймақтық және жаһандық деңгейде көріп отырмыз. Әділ әлемге әрқашан дипломатия арқылы қол жеткізуге болады. Соғыста жеңімпаз жоқ. Екінші жағынан, біздің БҰҰ-мен соғыстың жағымсыз салдарын жою жөніндегі қарқынды күш-жігеріміз бүкіл әлем бойынша мойындалды. Қара теңіз арқылы Украина астығын экспорттау туралы Ыстамбұл келісімі және өткен айда басталған тұтқын алмасу жұмыстары — осы бағыттағы елеулі жетістіктер. Біздің мақсатымыз — жергілікті жерлердегі барлық қиындыққа қарамастан, қол жеткізілген қарқынды сақтау және қантөгісті мүмкіндігінше тезірек тоқтату», — деді Ердуан.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті