jasqazaq.kz

Ер адам жас қызды тоқалдыққа қалай көндіргенін айтып берді

20 ақпан 2018, 17:35

Ақтөбеде саяжайда салынған қарапайым ғана шағын үйде тұратын отбасының өз ерекшелігі бар. Аядай ғана төрт бөлмелі үйде отағасы екі бірдей әйелімен тұрып жатыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

Әйелдерінің абыройы мен балаларының жағдайын ойлаған азамат әңгімесін айтпас бұрын атын жасырын қалдыруды сұрады.

«Мен ештеңе бүлдіріп жатқан жоқпын. Атам қазақ төрт әйел алған. Қолыңнан келсе қонышынан бас. Керісінше, мен жалғызбасты әйелдердің санын азайтып отырмын. Бұлай екі әйел аламын деген ой әуелде болған жоқ. Жастайымыздан сүйіп қосылған жарым, үш балам бар. Алла ұлды да, қызды да берді. Үлкен болмаса да басымда үйім бар, өзім таксист болып жұмыс істеймін. Бір күні жас қыз мінді. Түрі сондай сүйкімді. Баратын жеріне ақша алмай-ақ апарып тастадым, телефон нөмірін қалдырып кетті»,- дейді жымиып әңгімесін бастаған ақтөбелік жігіт.
40 жастан асқан азамат үш баласы болса да көңілі қалаған сүйкімді қызды бірнеше рет кездесуге шақырған.

«Еркек 40 жасында қылық шығарады дей ме?! Бізде сөйттік, кездесу, махаббатқа толы хабарландыруларды толтырып, қызды «сындырып» алдым. Не керек, ол қыз маған сырттағы әйелім болып кетті. Іздеп тұрамын, қалаған уақытымда барып жүрдім. Біз ұзақ уақыт кездестік. Бір күні араққа сылқиып тойып алдым да ол қызды машинама мінгізіп, үйге әкелдім. Енді оны көрген әйелім бетімізден сүймесі анық. Ұлы айқай болды, жоқтау айтып жылады, «кетем» деді. Әрине, оған да оңай емес. Әйелдер меншіктеп алғанды жақсы көреді ғой. Бірақ сөйлесіп, ақыры көндірдік. Алғашында екеуі бір-біріне үйрене алмай жүрді. Үлкені кішісі «бір күні кетер» деп, кішісі үлкені «кетеді» деп жүрді. Ол ойларын айтпаса да түсініп жүрдім. Бірақ екеуін теңдей сыйлап, бірдей құрмет көрсетемін. Қонаққа да бірге ертіп апарамын. Алғашында қысылатын, олар оған да үйренді», — дейді ақтөбелік тұрғын.
Таксист жігіттің екі әйелмен тұрып жатқанына 5-6 жыл болған. Екінші әйелінен бір қызы бар.

«Балаларым бауырмал, бірін-біріне бауырым деп қарайды. Әйелдерім де қазір апалы-сіңлілердей болып кетті. Сырларын айтып, ақылдасып отырады. Үйге қонақ келсе, біреуі тамаққа қарап, екіншісі дастарханмен жүгіріп жүреді. Бақыттымыз! Үйге келген адамдар қызық көріп, соларға қарайды да отырады. Оқып алып, жұрттар мені сөгіп жатпасын. Мен көңілім қалаған әйелді қорғауыма алдым. Үш баламның анасын да тастай алмаймын», — дейді ол.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды