Бір топ адам табытпен бірге жоғарыдан төменге құлап кетті. Жерлеу рәсімі 15 маусым күні Индонезияның Сулавеси аралында болды.
Stan.kz хабарлағандай, бір топ ер адам табытты көтеріп тұғырға көтеріп қоймақ болады. Алайда саты тайып кетіп, ер адамдар құлап кетті. Олардың үстіне табыт құлап, басып қалды. Табыт марқұм әйелдің ұлының басына құлаған. Ер адам сол жерде көз жұмды.