jasqazaq.kz

Энергетика министрлігі мен «Шелл Қазақстан» геологиялық барлау жүргізу туралы келісімшартқа қол қойды

Бүгін, 11:09

Энергетика министрлігі мен «Шелл Қазақстан» компаниясы Ақтөбе облысындағы «Жаңатұрмыс» учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жөнінде келісімге келді.  Келісімшартқа энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров пен «Shell » концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрайымы Сюзанн Куган қол қойды, деп хабарлайды jasqazaq.kz энергетика минтстрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келісімге сай компания белгіленген аумақта сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізіп, геологиялық деректерді жинап, техникалық бағалау жасайды. Барлық жұмыстар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес және тиісті рұқсаттар алынғаннан кейін жүзеге асырылады.
«Бұл жоба елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және көмірсутек қорын ұзақмерзімге ұлғайтуға бағытталған. Сондай-ақ бұл бастама тұрақты экономикалық өсімге де серпін береді», — деді энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров.

Ал «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрайымы Сюзанн Куган: «Бұл құжат «Шелл» компаниясының Қазақстанмен ұзақмерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін көрсетеді. Біз тәжірибеміз бен озық технологияларымызға сүйене отырып, геологиялық барлау ісіне және елдің ресурстық базасын кеңейтуге үлес қосамыз», – деді.

Аумағы 1 377 шаршы шақырымды құрайтын «Жаңатұрмыс» учаскесі елдегі перспективалы мұнай-газ бассейндерінің бірінде орналасқан. Жоба аясында 3D сейсмикалық зерттеулер жүргізіліп, терең барлау ұңғымасын бұрғылау мүмкіндігі қарастырылған.
Жобаның ауқымы мен техникалық күрделілігін ескере отырып, келісімшарттың мерзімі 2032 жылға дейін белгіленді. Құжат жетілдірілген үлгілік келісімшарт талаптары негізінде іске асырылады. Келісім кезеңінде «Шелл» компаниясы учаске орналасқан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кемінде 100 млн теңге бөледі.
Қазіргі уақытта елімізде жер қойнауын пайдалану саласында көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша 321 келісімшарт қолданыста.

JQ-Aqparat

Сурет: энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

 

Бүгін, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)