jasqazaq.kz

Еңбек пен шеберлікке арналған «SHYMKENT USTA FEST» фестивалі мен оркестрлер шеруі өтеді

04 маусым 2025, 21:38

Шымкент қаласында Қала күні мерекесіне орайластырылған онкүндік аясында алғаш рет ағаш өнеріне арналған халықаралық фестиваль өткізіледі. 14 маусымда Арбат алаңында бастау алатын «SHYMKENT USTA FEST» шарасы еңбек адамының бейнесін мүсін өнері арқылы дәріптеуге бағытталған. Бұл бастама биылғы жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы маңызды жобалардың бірі саналады. Фестивальге Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Башқұртстан және Шешенстаннан келген ағаш шеберлері қатысады. Бес күн бойы өткізілетін іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары шеберлердің жұмыс барысын тікелей тамашалай алады. Жоба аясында шеберлік сабақтары, мәдени алмасу және қолөнерге қызығушылығы бар жастармен кездесулер ұйымдастырылады. Фестиваль 20 маусым күні эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін гала-концертпен аяқталады. Қаланың сәнін арттыратын 10 бірегей мүсін қалаға сыйға тартылмақ.
Сонымен қатар, 15–18 маусым аралығында Наурыз алаңында республикалық деңгейде алғаш рет өтетін «SHYMKENT оркестрлер шеруі» фестивалі жоспарланған. Шараға еліміздің түрлі өңірлерінен келген симфониялық, үрмелі, камералық және джаз оркестрлері қатысады. Ашық аспан астында өтетін бұл музыкалық мереке төрт күн бойы көрермендерге ұлттық, классикалық және заманауи музыка үлгілерін ұсынады. Мәдениет пен өнерді қолдауға бағытталған бұл бастама қаладағы шығармашылық ортаның дамуына тың серпін бермек.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам