jasqazaq.kz

Емші жылан мен кірпі сорпасын беріп науқастарды емдеп жүр (видео)

23 тамыз 2016, 10:19

 

 

Амалбек емшінің емдеу тәсілінің екінші сатысы – жылан және кірпі етінен жасалған сорпа. Бұл сорпа ағзаны түгел тазалайды, қан алмасуды реттейді, қанды сұйылтатын қасиеті бар екен. Тіпті алғашқы кезеңдегі рак ауруын емдеуге де болады екен.  Ал оны дайындау тәсілі айтарлықтай қиын емес. Әуелі жыланның басын кесіп, ішін тазалайды да, таза сумен жуады. Сосын терісімен бірге қазанға салып қайнатады. Оған тағы кірпі етін де қосуға болады.

«Дайын болған сорпаны біз емделушілерге беріп жібереміз. Тоңазытқышта сақтап, керегінше жылытып іше берсе болады, – дейді Амалбек Серқұлов. – Айтпақшы, біз жылан етінен талқан да жасап береміз. Негізінде, жылан етінің қылтығы көп болады, кейбіреулерге бұл ыңғайсыздық тудырған соң оны еттартқыштан өткізіп, кептіріп, талқан етіп беруімізді сұрайды. Оны да сатып алып жат­қандар баршылық. Ал сорпаның бағасына келер болсақ, ол қазанға түскен жыланның көлеміне байланыс­ты. Мал сияқты олардың да бағасы әртүрлі, семізі, арығы бар, жазда жер бетіне шыққаны арзанырақ, қыста қымбатырақ болады. Емделушілер бір жыланды шамамен 10 – 15 мың теңгеге сатып алса, содан сорпа әзірлеп бере аламыз».

Амалбек емші алдына келген нау­қасқа тағайындалған емнің жағатын-жақпайтынын жіті бақылайды, тіпті алдын-ала тексеріп те алады. Тиісті емді содан кейін ғана қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

Stan.kz

20 маусым, 13:08
Түркістан: Бос орындар жәрмеңкесі мен форум өтті
20 маусым, 12:52
Түркістан: Балалар суицидіне түрткі болатын жағымсыз факторларға қарсы күрес жалғасады
20 маусым, 11:59
Түркістан: Жеті жылда тұрғын үй құрылысы үш есе өсті
20 маусым, 11:34
Кибербуллингтің алдын алу – суицидке жол бермеу
19 маусым, 16:05
Түркістан: Жеті жылда индустриалдық аймақтардың жұмысы өрледі
19 маусым, 15:22
Рухани құндылық: «Дәстүрін дәріптеген әз Түркістан» өнер фестивалі өтті
19 маусым, 14:41
Түркістан: Жеті жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 4, трлн теңгеге жетті
18 маусым, 16:26
Шара Әбдірахманова: Бала ештеңе айтпаса да, іштей көмек сұрап тұруы мүмкін
18 маусым, 15:10
Түркістан: Келес ауданында газ тартылып, жол жөнделіп, ауыз сумен қамтылуда