jasqazaq.kz

Емханаға тіркелу науқаны басталды

09 қыркүйек 2022, 17:38

Қыркүйектің 15-не елімізде емханаға тіркеу науқаны басталады. Екі айға созылатын дәстүрлі науқан қарашаның 15-іне аяқталады. Ақпаратты-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қалалық филиалы директоры Сәбит Құралбек емханаларға тіркеу мәселесі төңірегінде және өзге де маңызды сұрақтарға жауап берді.

Емханаға тіркелудің бірнеше әдісі бар. Алғашқы әдіс – тұрғындар Egov электронды веб-порталы арқылы жүргізіледі. Тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет.
Емхана таңдауда басты ескеретін жайт-ол үйден немесе жұмыстан 15-20 минут уақытта жаяу жететін жерде орналасқан жөн. Бұл дәрігер көмегі қажет болған жағдайда оның жедел жетуіне, сондай-ақ, отбасы мүшелерінің бәрінің бір дәрігерге қаралуына мүмкіндік береді.

–Науқан кезінде емханаға тіркеле отырып, азаматтар медициналық қызметті 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап алады. Осы жылдың 31 желтоқсанына дейін бұрын тіркелген емханада қызмет көрсетіледі, — дейді Сәбит Құралбек.

Бекітілген нормативке сәйкес, бір жалпы практикалық дәрігерге 1700, аймақтық терапевтке 2200 адам, педиатрға 600 бала және 14 жасқа дейінгі 900 баладан аспауы қажет.
Ел аумағында уақытша болатын шетел азаматтары мен еңбек мигранттары яғни, азаматтығы жоқ адамдар емханаға «ерікті медициналық сақтандыру» шарты негізінде белгілі бір уақытқа дейін ғана тіркеле алады. Мерзімі жеткенде олар автоматты түрде медициналық ұйымнан шығарылады. Ол үшін тіркеуге арналған өтінім қазақ немесе орыс тілінде жазылып, жеке басын күәландыратын құжаты (паспорт) ұсынылады.

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңының 3 бабы 2 тармағы бойынша ҚР аумағына уақытша келген шетелдік азаматтар мен олардың отбасы мүшелері МӘМС жүйесінде қазақстандық азаматтармен бірдей құқықтарды пайдалана алады, — деді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қалалық филиалының директоры Сәбит Райымбекұлы.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті