jasqazaq.kz

Елордадағы асханада тышқан жүр (видео)

24 сәуiр 2019, 16:56

Елордада дәмханадағы бәлішті тышқан кеміріп жатқан сәт жарияланды Нұр-Сұлтан тұрғындар дәмхананың бірінде бәлішті тышқан кеміріп жатқанын байқап қалды. Бұл сәтті видеоға түсіріп, желіге жариялады.

Елордада дәмханадағы бәлішті тышқан кеміріп жатқан сәт жарияланды, деп жазады stan.kz. Видеодан мұның «Тибет» дәмханасы екені байқалады. Видео авторы дәмхананың «Дәулет» сауда орталығында екенін атады.

«Біз ол жағдайды кеше әлеуметтік желіден көрдік. Бар мәселе ол жердегі нысандар шағын және орта кәсіп болғандықтан, санитариялық түрлі тексерістен босатылған. Тексерілмейді. Тек қала тұрғындарынан шағым түскен жағдай да ғана тексеріледі. Егер жазбаша түрде түсірілген шағым болса, онда арнайы комиссия құрылып біз тексеріске шығамыз. Ал оның қорындысы тікелей прокуратураға жөнелтіледі. Заң бойынша видео, аудио, фото жариялымдар тексеріуге негіз бола алмайды. Түсірілген видео үшін ол жерді барып тексере алмаймыз. Бұл негізсіз. Олар тексерілмейтіндіктен санитариялық белгілерді бұзып жұмысын жалғастыра береді. Заң бойынша оларға тосқауыл бола алмаймыз. Шағын және орта бизнес мекемелері бұндай тексерістен босатылған. Мүлде тексерілмейді. Қала тұрғындары шағымды egov сайты немесе түрлі электронды хаттар арқылы түсіре алады. Ал бұл жағдайға байланысты ешқандай арыз-шағым келіп түспегендіктен, ол мекеменің жұмысын тоқтатуға қауқарсызбыз. Әрине, бұндай жағдайдың орын алып отырғаны сұмдық», — дейді Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының төрағасы Сәдуақас Байғабұлов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿Дружная ИнстаСемья (Алматы) (@100baksoff_video)

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды