jasqazaq.kz

Елордада сыра кафесіне келушілерге гашиш сатқан

08 қыркүйек 2022, 11:46


Елордада сыра кафесіне келушілерге гашиш сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Дармек» жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, оның нәтижесінде елорда аумағында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізудің арнасын жойды. Нұр-Сұлтанда кафелердің бірінде бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған 44 жастағы әкімші ұсталды. Ол сыраны сатумен айналысқан болып, өз мекемесінде есірткілік шөпті сатқан.

Кафені тінту кезінде қораптан гашиш салынған пакет анықталды. Пакетте сатуға дайындалған гашиш салынған 30 полиэтиленді орама табылды.

ЕҚҚІБ бастығының міндетін атқарушы Еркеш Қалықовтың айтуынша, арнайы операция жүргізу кезінде тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 1 келі 600 грамнан астам гашишті құрады. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы бар тұлғалар анықталуда.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті