jasqazaq.kz

Елорда күні қарсаңында Байқоңыр ауданында «Коммуналдық қызметкерлер» гүлзары ашылды

04 шiлде, 13:55

Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында, коммуналдық сала өкілдеріне құрмет көрсету және олардың күнделікті еңбегіне алғыс білдіру мақсатында елорданың Байқоңыр ауданында Абай даңғылы бойында жаңа қоғамдық кеңістік – «Коммуналдық қызметкерлер» гүлзары ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жалпы ауданы 10 700 шаршы метрді құрайтын гүлзар Жұбанов көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі аумақты қамтиды.

Абаттандыру жұмысы аясында 3 500 шаршы метр аумақта кеспетастар және 2000 шаршы метр асфальт жабыны төселді.

Бұдан бөлек, 100 көлікке арналған автотұрақ орны жайластырылды.

Сонымен қатар, кешенді абаттандыру барысында балалар мен ересектерге арналған ойын және спорт алаңдары жабдықталды. Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы мақсатында ауқымды жарықтандыру жұмыстары – 33 саябақ шамы, 4 кіші архитектуралық форма, 1 воркаут алаңы және 7 жаттығу құрылғысы және дала жиhаздары орнатылды.

«Көгалдандыру жұмыстарына ерекше назар аударылды. Гүлзар аумағында көлемі 6000 шаршы метрді құрайтын жаңа көгалдар төселіп, суаруды толық автоматтандыруға мүмкіндік беретін жергілікті суару жүйесі іске қосылды. Жүйе 20 000 шаршы метр жасыл алқапты қамтиды. Сондай-ақ, ағаштардың эстетикалық келбеті мен өсіп-жетілуіне жағдай жасау мақсатында 210 ағаштың штамбы көтерілді», — деп атап өтті, Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді.

Жаңа гүлзар тұрғындардың жайлы демалысы мен серуендеуі үшін қолайлы орта қалыптастырып, қалалық инфрақұрылымды одан әрі жақсарта түсті.

Еске сала кетейік, биыл Астанада 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістік (парктер, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылады. Жұмыс қаланың барлық аудандарын, оның ішінде тұрғын алаптарды да қамтиды. Кейбірі қазірдің өзінде аяқталған.

Сурет: Астана қаласы әкімдігі

15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
14 шiлде, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
14 шiлде, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
14 шiлде, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
14 шiлде, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
14 шiлде, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі