jasqazaq.kz

Елорда еріктілерінің игі ісі

30 қараша 2022, 10:24

Қазір Астанада қатты аяз, бұған қоса, қар да қалың жауды. Қыс мезгілінің басталып, толассыз қар жаууына байланысты елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қала әкімдігіне қарасты мекемелер көшені қар мен мұздан тазартуға дереу кірісті. Сөйтіп 2 351 жұмысшы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, табиғат тосын мінез танытқан 25 қарашадан 26 қарашаға қараған бір түннің өзінде елордалық коммуналдық қызметкерлер 30 мың текше метрден астам қарды полигондарға шығарды. Ал қыс маусымы басталғалы қала сыртына шығарылған қардың көлемі 200 мың текше метрге жуықтайды.

Осындай қауырт кезеңде «Астана Жастары» жастар ресурстар орталығының ұйтқы болуымен еріктілер де қол қусырып отырмады. Олар әдеттегідей ортақ іске өз үлесін қосуға асықты. Қазір олар суықта тоңған кейбір тұрғындарға ыстық шай жеткізді. Мұндай шаралар жыл сайын күн қатты суыған кезде өткізіліп тұрады.

«Біздің қаламыздағы ең суық күндерде жыл сайын өткізілетін дәстүрлі акциямыз басталды. Мұндай акция барысында еріктілер қаламыздың барлық тұрғындарына негізінен халық көбірек шоғырланған жерлерде, сондай-ақ көшеде жұмыс істейтіндерге аялдамаларда тегін ыстық шай таратады», — дейді «Астана Жастары» ЖРО басшысы Шыңғыс Тілеулин.
«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен еріктілер «Шапағат» сауда үйінің жанына жиналып, қала көшелерін тазалап жатқан жұмысшыларға, қоғамдық көлікті күтіп тұрған жолаушыларға және көшеде сауда жасап жүрген жолаушыларға шай беріп, бой жылытуға жағдай жасады.

Астана тұрғыны Сайран Тұрбекова: «Мен еріктілерімізге ыстық ықыласым мен шынайы ризашылығымды жеткізгім келеді. Көшеде көп жүре алмайсың, аяз қысып тұр. Ал еріктілердің қайырымды істері бойымызды ғана емес, жүрегімізге де жылу береді. Жігерлі жастардың бұл ісі бізді қатты қуантты, рахмет!», — дейді. Қаланың өзге де тұрғындары да ризашылығын жасырмайды.

Айта кетейік, мұндай мейірімге толы шаралар қыстың соңына дейін жалғасады.

Абзал Ибрагим,
Астана

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң