jasqazaq.kz

Еліміздің сыртқы қарызы қанша?

13 ақпан 2018, 12:18

«Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасында Euroclear жүйесі арқылы теңгемен еврооблигациялар шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің отырысында еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік борыш 13,5 трлн теңгені (40,6 млрд АҚШ доллары) немесе жалпы ішкі өнімнің 26 пайызын құрады. 2017 жылы бюджетке борыштық жүктеме кірістердің 15 пайыз лимитінде 8,8 деңгейінде қалыптасты», — деді министр. Оның айтуынша, валюталық тәуекелдерді нивелирлеу мақсатында 2016-2017 жылдары мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару ішкі нарықта ғана жүзеге асырылды. Сондай-ақ 2016 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2017-2019 жылдарға арналған сыртқы қарыз алу қоржыны оңтайландырылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасында Euroclear жүйесі арқылы теңгемен еврооблигациялар шығару жоспарланған. Қарыз алу көздерін әртараптандыру мақсатында сондай-ақ, ислам облигациялары сукукты шығару да жоспарда бар», — деді Бақыт Сұлтанов. Сондай-ақ, жиында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстанның мемлекеттік қарыздар деңгейі ерекше бақылауға алынатындығын атап өтті.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды