jasqazaq.kz

Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту – уақыт талабы

Бүгін, 19:27

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Орталық Азия Инновациялық университетінде жаңа Конституция жобасын талқылау және түсіндіруге арналған кездесу өткізді. Басқосуға оқу орнының оқытушылары мен жастары қатысып, «Жаңа Конституция жобасы: бүгінгі өзгеріс – ертеңгі даму» тақырыбы аясында мазмұнды баяндамалар жасалды.
Кездесу барысында Конституциялық реформаның елдің саяси жүйесін заман талабына сай жаңғыртуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам екені атап өтілді.
Сәрсен Құранбек қолданыстағы Конституция Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінде қабылданып, мемлекетті орнықтыруда тарихи миссиясын орындағанын айтты. Сонымен қатар, қазіргі таңда геосаяси ахуалдың өзгеруі, халықаралық қатынастардың күрделенуі, ғылым мен технологияның қарқынды дамуы, сондай-ақ қоғам сұраныстарының жаңа деңгейге көтерілуі құқықтық жүйені жаңаша пайымдауды талап ететінін жеткізді.
– Елдің әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ішкі әлеуеті мен институционалдық тұрақтылығын күшейту үшін Конституция нормаларын қазіргі заман талаптарына бейімдеу қажет. Бұл – елдің одан әрі тұрақты дамуына бағытталған маңызды қадам, – деді қала әкімінің орынбасары.
Іс-шара барысында Орталық Азия Инновациялық университетінің бірінші проректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ерлан Зулматұлы, «Құқық» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Айнұр Әбдікерімова және заң ғылымдарының кандидаты Ботабек Имашев баяндама жасап, тұрақтылық пен құқықтық негізсіз даму мүмкін еместігін атап өтті.
Кездесу соңында қатысушылар Конституциялық реформаның ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтіп, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен азаматтық белсенділігін күшейтудің өзектілігін айтты. Сондай-ақ, жиынға қатыусушылар талқыланып отырған елдің жаңа Конституциясына қолдау білдірді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?