Еліміздегі ең ұзын көпір құрылысы қашан аяқталады?

20 шiлде 2023, 14:23

Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім мен Самар аудандарын жалғайтын «Қызыл ту» өткеліне салынып жатқан көпір құрылысы уақытылы аяқталмай қалуы мүмкін. Бұған себеп қаражаттың жеткіліксіздігі.Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2021 жылы басталған болатын. Қазақстандағы ең ұзын көпір, жалпы ұзындығы — 1316 метрді құрайтыны өткелдің құрылысы осы жылыдң соңында аяқталуы тиіс еді. Бірақ бір жылдың ішінде көпір салынып бітпейтін секілді. Бұған себеп — қаржы мәселесі. Көпірдің құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлінуі қажет. ШҚО әкімдігінде өткен мәслихат сессиясында аймақ басшысы Ермек Көшербаев бұл аса маңызды көпір құрылысы міндетті түрде аяқталатынын айтты. «Көпірге республикалық бюджеттен қаражат бөлінуі тиіс. Алайда қазіргі уақытта қаржыландыру мәселесі нақты шешімін тапқан жоқ. Бірақ үкіметпен келіссөздер жүргізілуде. Сондықтан құрылыс жұмыстары міндетті түрде аяқталады. Бірақ қаражаттың қашан бөлінетіні әзірге белгісіз», — деді өңір басшысы.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды