jasqazaq.kz

Елімізде жұмыс істейтін шетелдіктердің жалақысы неге жоғары?

08 қыркүйек 2022, 10:55

Қазақстанда шетелдіктерге отандық мамандарға қарағанда әлдеқайда көп ақша төлейтін компаниялар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy LS-ке сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл Бас прокуратурамен бірлесіп 64 кәсіпорын анықталды, онда 30-дан астам шетелдік жұмыс істейді. Аталған компаниялар тексеріс үстінде.

25 тамыздағы жағдай бойынша 57 ұйым тексеріліп, 770-тен астам бұзушылық фактісі анықталды. Оның ішінде еңбек қатынастары бойынша – 238, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша –162, шетелдіктердің рұқсаттарда көзделмеген жұмыстарды орындауы бойынша – 114, шетелдіктердің білімінің атқаратын лауазымдарына сәйкес келмеуі бойынша – алты, кадрлардың арақатынасын сақтамау бойынша – 76 және жұмыспен қамту мәселелері бойынша – 86.

Мысалы, Атырау облысының «Фиркофт Инжиниринг Сервисез Лимитед» компаниясында жұмыс беруші инженер-технолог лауазымын атқаратын шетелдік қызметкерге күніне $907 (Ұлттық банктің бағамы бойынша 428,7 мың теңге $1 үшін 472,63 теңге), ал қазақстандық маманға күніне $144 (68 мың теңге) ұқсас позицияда жалақы белгіленген.

Сол жерде басқа шетелдік қызметкерге инженер-электрик лауазымына рұқсат берілсе, бірақ еңбек шартында «құрылыс бастығы» лауазымы көрсетілген.

Атырау облысының «Болашақ Атырауда» «инженер» позициясындағы шетелдік қызметкерге күніне $1237 (584,6 мың теңге), осындай позициядағы қазақстандық маманға күніне $137 (64,7 мың теңге) жалақы белгіленген.

Ақтөбе облысының «Ақтөбемұнаймашкомплектте» шетелдік азаматқа рұқсат бойынша қызметкер өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру жөніндегі инженер болып жұмыс істеуі тиіс болса, іс жүзінде ол бақылау-өлшеу аспаптары жөніндегі слесарь болып жұмыс істеген.

«Анықталған бұзушылықтар негізінде 44 ұйғарым шығарылды, 76 лауазымды тұлға 34 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімдіктер шетелдік қызметкерлерді тартуға 390 рұқсатты кері қайтарып алды. Тексеру нәтижелеріне сәйкес, прокуратура мекемелері тиісті шаралар қабылдайды», — деп сендірді еңбек министрлігінде.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті