jasqazaq.kz

Елімізде жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы қанша бала дүниеге келді?

10 қараша 2017, 14:14

Елімізде жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы 14 мың бала дүниеге келді. Астанада өтіп жатқан Қазақстанның репродукивті медицина қауымдастығының 9-шы халықаралық конгресі барысында денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева осындай дерекпен бөлісті.

Вице-министрдің айтуынша, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында 4783 цикл жасалып, оған мемлекет 3,8 млрд теңге жұмсады. Нәтижесінде 1532 бала дүние есігін ашқан. Толықтай алғанда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясындағы нәтиежілік 32 пайызды құраған.

Оның дерегінше, елімізде 14 мыңнан астам әйел мен 1 мыңнан естам еркек бедеулігіне байланысты диспансерлік есепке алынған. Жалпы елімізде отбасылардың 15 пайызы бедеулікке ұшырапты. Ол «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, некедегі мұндай бедеулік көрсеткіші проблема болып саналады. Өйткені, бұл деңгей демографиялық көрсеткішке әсерін тигізеді», — деді.

Айта кетерлігі, экстракорпоральды ұрықтандырудың арқасында елімізде бірінші бала 1996 жылы дүниеге келген болатын. Ал 2010 жылдан бастап экстракорпоральды ұрықтандыру тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілді. Оның көлемі жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2010 жылы жылына 100 циклге (жасанды ұрықтандыру) мемлекет қаржы бөлетін болса, ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 900 циклге жетіп отыр. Келесі жылға арналған мемлекеттік тапсырыс биылғы жылмен шамалас. Яғни 900 цикл болады. Қаржыландыру көлемі де дәл сондай.

Ал «Экомед» Адам ұрпағын өрбіту емханасының ғылыми директоры Салтанат Байқошқарованың айтуынша, елімізде жылына кемінде 1 рет экстракорпоральды ұрықтандырудан өтуге мүмкіндік жасау қажет.

Оның пікірінше, елімізде мемлекет қаражаты есебінен экстракорпоральды ұрықтандыру алғаш рет 2010 жылы қолға алынып, бірінші 100 квота бөлінген. Содан бері жыл сайын оның көлемі артып келе жатыр. Ағымдағы жылы бюджеттен 900 циклге (экстракорпоральды ұрықтандыруға) қаржы қарастырылып, ол облыстарға және Астана мен Алматы қалаларына бөлінген. Алайда бұл жеткіліксіз деп отыр. Өйткені қажеттілік 10 есе көп болуы мүмкін. Ол «Бағасының қымбаттығын, ана ағзасының арнайы жағдайға бейімделуі керектігін және жоғары технологияларды ескерер болсақ, бұл оңай емес. Квота мемлекеттік және жеке клиникаларға беріледі», — деді.

С.Байқошқарованың дерегіне сүйенсек, елімізде экстракорпоральды ұрықтандырумен айналысатын 20 орталық тіркелген. Алайда олардың тек 70-80 пайызы ғана белсенді түрде жұмыс істейді. Сонымен қатар ол тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында экстракорпоральды ұрықтандыруға бөлінетін квота көлемін арттыру қажет деп атап өтті. Экомед» Адам ұрпағын өрбіту емханасының ғылыми директоры келешекте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу квота алу мүмкіншілігін кеңейтуге жәрдемдесетінін де айтты. Мәселен, Ресейде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың арқасында адамдар экстракорпоральды ұрықтандырудан жылына екі рет өту мүмкіндігін алып отыр. «Меніңше, болашақта Қазақстанда да жылына тым болмағанда бір рет тегін квота алу мүмкіншілігі жасалатын болады»,- деп өз ойын аяқтады.

Ұлжалғас Боранбай

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы