jasqazaq.kz

Елімізде тұңғыш рет адамға жасанды жүрек салынды

07 желтоқсан 2017, 12:25


Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиоxирургия орталығында 60 жастағы ер адамға жасанды жүрек имплантанциясы жасалды. Астанада өткен баспасөз мәслиxатында Ұлттық кардиоxирургия орталығының басшысы Юрий Пя «Бұған дейін оның созылмалы жүрек ауруы болған. Оның өмірін тек жасанды жүрек имплантациясы ғана құтқаратын еді.

Донор да табылмады. Сол себепті біз жасанды жүрек отасын жасағанды жөн көрдік. Қазір пациенттің жағдайы жақсы. Емxанадан шығуға дайындалып жатыр. Ота жасалғалы бері бір жарым ай өтті. Бәрі ойдағыдай. Ешқандай ақаулықтар байқалмайды», — деді. Алдағы уақытта осы іспетті тағы төрт отаны жасау жоспарланып отыр. Оның айтуынша, жасанды жүрек – «Carmat SA» атты француз компаниясының өнімі. Компания мамандары аталған құрылғыны Еуропаның аэроғарыш және қорғаныс концернімен бірлесіп шығарды. ҚазАқпарат хабарлағандай, 2013 жылы «Carmat» маркалы жасанды жүрек алғаш рет сынақтан өтті. Оны 76 жастағы қарияға салып берген. Тура 74 күннен кейін ол қайтыс болды. Ал кейінгі пациенттер жасанды жүрекпен 8-9 ай жүрді. Сол кезде компания жаңа аппараттың бір ақаулығын анықтады. Жасанды жүректі ұзақ пайдаланғаннан кейін қан моторға кетіп отырған. Артынан ол ақаулық жөнделді. Айта кетейік, жүрек жұмысын ұстап тұруға арналған құрылғылардың басты мақсаты — пациенттің өмірін ұзарту, донор табылғанша адап өмірін сақтау. Ал «Carmat» іспетті аппараттар бұрынғы жүректі толығымен алмастыруға арналған. Оның қазіргі бағасы — 1 млн еуро. Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаева «Мемлекет те, орталық та оған ақша жұмсап жатқан жоқ. Француз компаниясы өз аппаратын сынақтан өткізіп жатыр. Сол себепті бәрін тегін берді. Бәрі сәтті болса, жасанды жүрек аппараттары көптеп шығарылады. Ол кезде бағасы да төмен болады», — дейді. Ал жасанды жүрек иесі — Құнанбай Абыраевпен «Мен қатты ауырдым. Мына жаққа келгенде жүре алмадым, арбаға отырғызып әкелді. Сол енді…Қазір бәрі дұрыс…Өзімді жақсы сезінемін. Юрий Пя менің екінші әкем сияқты. Орталық басшылығына мың алғыс…60 жастан кейін өзімді осылай сезінемін деп ойлаған жоқпын», — деді.

30 шiлде, 18:26
Сырым Ертаев: Шетелде біздің табиғи етке сұраныс мол
30 шiлде, 15:30
Таяу Шығысқа тұрақтылық қажет
30 шiлде, 14:51
Сарыағашта мүгедектігі бар азаматтарды оңалту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда
30 шiлде, 13:54
Түлкібас ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін көмектер мен қолдау тетіктері
30 шiлде, 13:52
Қамқор қоғам – берекелі болашақтың кепілі
30 шiлде, 13:51
Әлеуметтік әділеттілік – басты басымдық
30 шiлде, 7:45
KPI – отандық өнім өндірудің озық үлгісі
29 шiлде, 19:18
Аралдық кәсіпкер қайықтың төрт моделін жасап, сатылымға шығарды
29 шiлде, 18:29
Аягөз-Бақты: Логистика өңірдің өркендеуіне серпін береді