jasqazaq.kz

Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр

Бүгін, 17:27


Қазіргі таңда көлік инфрақұрылымын дамыту және теміржол желісінің қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Мұндай бастамалар елдегі логистика жүйесін жетілдіруге және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл туралы Jas Qazaq тілшісіне «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының өкілі Арман Сағынғалиұлы мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділ Қазақстан – барлығы үшін және әрқайсысы үшін» бағдарламасы аясында елдің теміржол инфрақұрылымын жүйелі жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2023-2029 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде елімізде 11 мың шақырым темір жолды жаңарту жоспарланған. Бұл жұмыстар пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, магистральдық желінің өткізу қабілетін күшейтуге және көлік саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған», — деді Арман Изжанов.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі де айтарлықтай. 2023-2025 жылдардың қорытындысы бойынша жоспарланған көрсеткіш 4214 шақырым болғанымен, нақты жөнделген темір жол ұзындығы 4448 шақырымға жеткен.
«Осылайша жоспар 234 шақырымға асыра орындалды. Бұл көрсеткіш бағдарламаның тиімді жүзеге асырылып жатқанын және теміржол саласында жаңғырту жұмыстарының тұрақты қарқынмен жүргізіліп жатқанын көрсетеді», — деді Арман Изжанов.
Теміржол желілерін жаңарту жұмыстары алдағы жылдары да жалғасады. Компания өкілінің мәліметінше, 2026 жылы 1577 шақырым темір жолды жөндеу жоспарланып отыр.
«Ағымдағы жылдың өндірістік бағдарламасы еліміздің оңтүстік өңірлерінде басталды. Барлық дайындық шаралары белгіленген мерзімде орындалды. Бұл жол жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік береді», — деді Арман Изжанов.
Теміржол инфрақұрылымын жаңарту тек көлік саласын дамыту ғана емес, сонымен қатар өңірлер арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға да ықпал етеді. Жаңғыртылған теміржол желілері жүк және жолаушы тасымалының тиімділігін арттырып, елдің транзиттік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік бермек.

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
Бүгін, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес