Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті АҚШ-та өндірілген құрамында ГМО-сы жоғары өнімдерді анықтаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Мамандар адам өміріне қауіпті тағамдарды Алматы мен Астанадағы ірі сауда орталықтарынан тауыпты. Тексеру нәтижесінде, құймақ, вафлиге арналған қоспа, ірімшіктің дәмі бар кептірілген нан мен тез дайын болатын кеспенің бірнеше түрі сауда сөрелерінен алынды. Қазір мамандар еліміздің өзге аймақтарындағы дүкендерді де жіті тексеруге кіріскен.
Әйкерім СӘдубаева, ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің басқарма басшысы:
-Кәсіпкерлер мен тауарды жеткізуші компанияға, өндірушілерге ескерту жасадық. Мұндай қауіпті өнім біздің елге қалай келгені тексерілуде. Тасымалдаушы мекеменің қоймасындағы азық-түлікті де жойып жатырмыз.