jasqazaq.kz

Елімізде кейбір банктер несие алғандардан заңсыз комиссия алған

16 қараша 2017, 15:55

Еліміздің кейбір екінші деңгейлі банктері бірнеше жыл бойы несие рәсімдеген тұтынушылардан заңсыз комиссия алып келген. Мұны білген тұрғындар сот арқылы кеткен еселерін қайтаруда.

Мәселен, Ақтау қаласында арнайы заң мамандары тұтынушыларға тегін кеңес беріп жатыр. Заңгерлер келісімшарттарды қайта қарап, заңсыз комиссияны қайтару жолдарын көрсетті, деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап stan.kz.

Мәселен, соңғы тоғыз айдың ішінде осы бағытта 1164 іс қаралып, 1024 іске қатысты шешім шығарылған. Несиенің көпшілігі көлік және тұтыну тауарларын алу үшін берілген. Былтырдан бері 2 млн. теңге заңсыз комиссия өндіріліп, тұтынушыларға қайтарылған.

Едіге Меденов, Ақтау қалалық №2 мамандандырылған сотының судьясы: – Өндірісте қаралып жатқан істердің ішінде «Казком», «Альфа банк» бар, кез келген кредит беретін ұйымдардың барлығында осындай ішінара келісімшарттар заңсыз деп танылды. Әйгерім Қалдықұлова, заңгер: – Заң бойынша 2016 жылдың бірінші шілдесіне дейін алынған несие болуы керек. Банкке барады, арыздарын жазады, комиссияларын сұрайды. Олардың хаттарын алып, жауаптарын алып, заң жүзінде сотқа жүгіне алады.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті