jasqazaq.kz

Елімізде кәмелетке толмаған қыздардың жүктілігі азаймай тұр

20 қазан 2016, 17:31

20161020164414

Қазақстандағы қыздардың ерте жүктілігі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерімен салыстырғанда 6 есеге жиі кездеседі. Бұл туралы БҰҰ Халықты қоныстандыру қоры бағдарламасының (ЮНФПА) Қазақстандағы үйлестірушісі Ғазиза Молдақұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресми статистика мәліметтеріне қарағанда, 15-19 жастағы қыздардың бала туу жиілігі шамамен 35 оқиғаны, нақтырақ айтқанда 1000 қызға шаққанда 34,72 оқиғаны құрап, 2011 жылдан бері ұдайы артып келеді. Бұл үдеріс соңғы 10 жылда ешқандай өзгерген жоқ. 2011 жылы 1000 қызға шаққанда 29 оқиға тіркелген болатын. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың бала тууына қатысты ең үлкен көрсеткіш Маңғыстау облысына тиесілі  1000 қызға 54 оқиға, одан кейінгі орында Жамбыл облысы —  1000 қызға шаққанда 50,5 оқиға, сосын Атырау облысында 46 оқиғадан тіркелген. Айта кетерлігі, Қазақстандағы бұл көрсеткіш Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерімен салыстырғанда 6 есеге жоғары. Ұйым елдерінде  кәмелетке толмаған мың қызға 4-6 оқиғадан тіркеледі», — деді Ғазиза Молдақұлова.

Оның айтуынша, Қазақстанда жыл сайын 15-18 жастағы 4-5  қыз жасанды түсік жасатады. Ал ауылды жерлерде тұратын қыздарда ерте жүктілік көрсеткіші олардың қаладағы құрбыларына қарағанда 12 пайызға жоғары.

ҚазАқпарат 

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету