jasqazaq.kz

Елімізде электронды темекі шегетін балалар саны 3 есе өскен

18 қазан 2022, 14:52

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанда жүргізген зерттеуі бойынша 11 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында электронды темекіні тұтыну төрт жыл ішінде 3 есе өскен. Мұндай деректер Денсаулық сақтау министрлігі ашық талқыға шығарған арнайы тұжырымдамада көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда электронды темекі бұйымдарын бақылаусыз сатуға байланысты оны қолдану қарқыны жоғары. Ол барлық жерде жастарға қолжетімді бағада сатылады. Әрбір азық-түлік дүкенінде сатылатын вейптердің бағасы 2000 теңгеден аспайды. Ол жастар үшін қолжетімді. вейпті 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға заңмен тыйым салынады. Алайда, кодекстің қолданыстағы нормасы темекі өнімдеріне тыйым салу және темекі өнімдерін ашық көрсету бөлігінде орындалмайды және оны кәсіпкерлер елемейді. ДДҰ-ның Қазақстандағы зерттеуіне сенсек, 11 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында электронды темекіні тұтыну төрт жылда 3 есе өсті. Атап айтқанда, ұлдардың 15 пайызы және қыздардың 6 пайызы оларды қолданып көргенін мойындады» делінген тұжырымдамада.

Министрлік мәселенің шешімі ретінде жасөспірімдер мен балаларға электронды темекі сатуға, тұтынуға және вейп айналымына шектеу қоятын норманы жетілдіруді ұсынды.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті