jasqazaq.kz

Елімізде авиация саласындағы бірталай былық әшкере болды

27 қазан 2017, 20:52

Бас прокуратура авиация саласындағы былықты әшкереледі. Түрлі апаттардан кейін ауқымды тексеріс жүргізген Бас прокуратура ұшқыштардың тең жартысының әуе кемесін тізгіндеуге рұқсаты болмағанын анықтады. Тіпті, адам шығыны болмаса, Азаматтық авиация академиясына дейін апаттарды жасыруды әдетке айналдырыпты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Андрей Лукин, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

-Пилоттардың кәсібилігіне қатысты туындайтын сұрақ көп. Өйткені, әуе апатының 15 пайызы осы ұшқыш тәжірибесінің жетіспеушілігінен болады. Біз еліміздегі екі мыңнан астам пилоттың тек 1300-інің ғана ұшуға құқы барын анықтадық. Сәйкесінше жартысы заңсыз ұшып жүр.

Сондай-ақ, осы авиация саласындағы мәселелерді талқылаған прокурорлар Қазақстанда ұшақ апаты жиілеуінің бірнеше себептерін атады. Алғашқысы – әуе кемелері әбден ескірген. Әсіресе, шағын ұшақтардың басым бөлігіне 30 жылдан асқан екен. Әрі қолайсыз ауа райы мен экипаж мүшелерінің салғырттығы да апатқа әкеп соғада. Сондықтан, көлік прокуратурасы шұғыл түрде жұмыс тобын құрып, апаттың алдын алмақшы. Өйткені, елімізде жыл басынан бері тоғыз ұшақ апаты болып, 11 адамның қаза тапқан.

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс