jasqazaq.kz

Елімізде агроөнімдерді өңдейтін 30 зауыт салынады

18 қараша 2017, 20:32

Таразда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев пен оңтүстік өңірлердің әкімдерінің, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов, сондай-ақ аргобизнес саласының өкілдерінің қатысуымен өткен жиында 2017-2021 жылдарға арналған АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды

Қазақстанда агроөнімдерді өңдеу жол картасы бойынша 17 зауытты жаңғыртып, одан бөлек 30 жаңа зауыт салу қарастырылған. Сондай-ақ, Жамбыл, Қызылорда, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында аграрлық өнімдерді қайта өңдеу кәсіпорындарын ашу көзделген. Олар сүт өңдеу, қант, ет өңдеу, май шайқау, тері өңдеу, бидайды терең өңдеу зауыттары болмақ.

Жалпы алғанда, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрінің айтуынша, Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласында өсім — 2,1%. Әуелде 326 кооператив құру жоспарланғанымен, 745 кооператив құрылған. Олар 56 мың шеке шаруашылықтың басын қосып отыр.

Еске сала кетейік, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысында жүр.

Бұған дейін Үкімет басшысы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі мүшелерімен кездесу өткізіп, Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған, «Бизнестің жол картасы 2020», индустриялық аймақтар мен моноқалаларды дамыту бағдарламаларын іске асыру мәселелерін талқылаған болатын.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті