Елімізде 11 бүлдіршіннің бауыры ауыстырылған

20 қазан 2016, 15:08

20161020143807

2016 жылғы 19-21 қазанда Алматы қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан хирургия қызметінің жетістіктері мен даму перспективалары» атты халықаралық конференция өтуде.

Оның барысында трансплантологияның өзекті мәселелері, шұғыл хирургиялық көмек көрсетудің заманауи тәсілдері, интервенциялы кардиологиядағы, аритмологиядағы, ангиохирургиядағы жаңа бағыттар қарастырылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚР ДСӘДМ А.Н. Сызғанов атындағы хирургияның ұлттық ғылыми орталығы (әрі қарай — ХҰҒО) ұйымдастырған шараға 500-ден астам отандық дәрігерлер мен алыс-жақын шетелдің 20 елінен келген 50 жетекші мамандар қатысады.

Шара барысында ҚР ДСӘДМ Жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың атынан сөз сөйлеп,  А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ұлттық ғылыми орталығы — хирургиялық және трансплантологиялық көмекті дамыту бойынша жетекші емханалардың бірі екенін атап айтты.

«2015 жылы 298 трансплантацияның 68-і А.Н. Сызғанов атындағы ХҰҒО-да өткізілді, сонымен бірге, 5 мыңға жуық хирургиялық ота жасалып, 4 мыңнан астам пациентке хирургиялық көмек көрсетілді. Бүгінде орталық аймақтық ауруханаларда көрсетілетін білікті әрі сапалы медициналық көмекке, азаматтар арасындағы өлім-жітімді азайтуға негізделген инновациялар енгізу шаралары сәтті жүзеге асырылып келеді», — деп көрсетілген Тамара Дүйсенованың алғысөзінде.

Министрдің пікірінше, аталған конференция ҚР тұрғындарына көрсетілетін хирургиялық көмектің жаңа тәсілдері мен әдістерін енгізу үшін тиімді алаң болып, денсаулық сақтау  саласы, халықтың өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыру бағытында елдер арасындағы байланысты нығайта түспек.

ҚР ДСӘДМ Бас хирургі, А.Н. Сызғанов атындағы ХҰҒО басқарма басшысы, академик Болат Баймаханов конференция Қазақстандағы хирургияның даму деңгейін көрсетеді деп есептейді.

«Қазіргі таңда 155 бауыр трансплантациясы, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балаларда — 11, 720 бүйрек трансплантациясы өткізіліп, жүрек-қантамырлар жүйесін емдеудің заманауи хирургиялық тәсілдері, инвалидизацияға жол бермей, пациенттердің өмірін ұзартуға мүмкіндік беретін пластикалық хирургия саласындағы заманауи әдістері енгізілді», — деп айтты Болат Баймаханов.

Жуырда конференция аясында А.Н. Сызғанов атындағы ХҰҒО-да О. Альфиери (Италия), А.Богачева-Прокофьева (Ресей), Кengo Кanateka (Жапония), Болат Баймаханов (Қазақстан) сынды белгілі мамандардың қатысуымен кардиохирургия, интервенциялы кардиология, гепатопанкреато-билиарлық хирургия, бауыр трансплантациясы, өңеш және ішек-қарын жолдарының  хирургиясы, нефрология, бүйрек трансплантациясы бойынша шеберлік сыныптары өтті.

Әрі қарай отандық хирургтар шетелдік сарапшылар бөліскен тәжірибені өз емханалық ісінде қолдана алады.

Конференция соңында үздік мамандар Министрдің алғыс хаттарына ие болды.

ҚазАқпарат

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?