jasqazaq.kz

Елімізде 1 млн теңге жалақы алатындар кімдер?

21 желтоқсан 2017, 13:09

Қазақстанда жалақысы 1 млн теңге және одан да көп болатын вакансия саны 1,5%-ға артты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Аналитикалық орталықтың зерттеу нәтижесіне сәйкес, «Анкор» кадрлық холдингі 2017 жылы қабылдаған вакансиялардың 2%-ында жалақы мөлшері 1 млн теңге деп көрсеткен. Мұндай жалақы басқару қызметінде тәжірибесі бар менеджерлерге тағайындалған.

«Маркетинг, қаржы және заң саласындағы мамандарға жоғары жалақы төленетіні анықталды. Ережеге сай, корпорациялардың мұндай көлемдегі жалақыны өздерінің саласында топ деңгейге жеткен және әртүрлі бизнес процессте жоғары құзыретке ие кандидаттарға төлейтіні анықталды», — делінген компания хабарламасында.

2017 жылы сауда-саттық саласындағы мамандар жоғары сұранысқа ие болған. Әртүрлі саладағы техникалық мамандар екінші орында, ал қаржы саласындағы мамандар үшінші орында тұр. 500 мың теңгеден жоғары жалақы сауда-саттық, қызметкерлер басшысы, заң, активтерді басқару, логистика сынды мамандарға төленген.

«Бас мамандар – кез келген бизнес үшін стратегиялық маңызы бар ресурс. Олар үшін әрдайым еңбек нарығында шарттары оңтайлы ұсыныстар табылады. Жұмыс берушілер сенімді сапалы кадрлық резерв жинау арқылы бизнестің тұрақтығылы мен табысын арттыру үшін саналы таңдау жасайды. Компаниялар HR стратегиясының дамуында өздерін сенімді сезінеді. Аталған саладағы бизнес түрлері алдағы уақытта тұрақты түрде дамитын болады», — дейді Қазақстандағы Анкор кадрлық холдингінің директоры Валерия Петрунина.

Бүгінгі таңда қазақстандық жұмысшылардың орташа жалақысы – 149,9 мың теңгені құрайды.

Бүгін, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды
19 шiлде, 20:28
Түркістан: Төлеби ауданында кәсіпкерлік дамып, маңызды жобалар жүзеге асып жатыр
19 шiлде, 19:55
Түркістан: Кентауда 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
19 шiлде, 17:32
Түркістан: Жүзім шаруашылығы қарқын алды
19 шiлде, 11:25
Экономика: Тұрақсыз әлемдегі тұрақты өсім