jasqazaq.kz

Электр сымдарды топ болып ұрлаған

31 қазан 2017, 14:46

Кеше, 30 қазанда «Есіл» ауданы ІІБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Орынбор көшесі бойындағы құрылыс объектісінен сомасы шамамен 1,5 млн теңге құрайтын ұзындығы 500 метрден астам электр күш беретін кабелін ұрлаған күдіктілерді ұстап, Астана қаласы ІІД-нің уақытша ұстау оқшаулағышына қамады.

Қаскүнемдер аталған құрылыс нысанының жұмысшыларымен алдын ала келісіп, электр кабелін құрылыс аумағынан жалға алған «Газель» автомашинасымен шығарып, алып кеткен. Жедел-іздестіру әрекеттері барысында полицейлер кабельді қала аумағындағы металл қабылдау пунктінен тәркілеген. ҚР ҚК 188-бабы (ұрлық) бойынша тергеп-тексеріс жүргізілуде. Ұсталған екі адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, деп хабарлайды Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы