Қазгидромет алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, 6 қыркүйекте Маңғыстау облысында, 7 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауып, найзғай күтіледі, жел күшейіп, бұршақ болжанады. Сондай-ақ елдің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 5-13-қа дейін, күндіз 15-23-қа дейін, ал оңтүстік жартысында түнде 10-23-қа дейін, күндіз 20-35 дейін-қа төмендеуі күтілуде», — делінген хабарламада.