jasqazaq.kz

Елде үндістандық дәріні пайдалануға тыйым салынды

23 ақпан, 10:22


Қазақстанда үндістандық «Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед» компаниясы шығарған «Десилмакс» препаратын медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынып, айналымнан жинап алу туралы шешім шықты. 

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің тиісті бұйрығында айтылған.

— Шектеу таблеткалардың BSE92301A сериясына қатысты. Бұл партияның жарамдылық мерзімі 2026 жылдың шілдесіне дейін деп көрсетілген. Десилмакс дәрілік затының аталған сериясын медициналық қолдануға тыйым салынсын және айналымнан жинап алынсын, — делінген бұйрықта.

Айта кетейік, бұл шешімге Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығының хаты мен өткен жылғы 3 ақпандағы сынақ хаттамасы негіз болған.

Қазіргі уақытта Комитеттің аумақтық бөлімшелері мен «СК-Фармация» мекемесіне дәріні қолданыстан шығару туралы тапсырма берілді. Бұйрықтың орындалуын фармацевтикалық қызметті бақылау басқармасы қадағалайды.

inform.kz

13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес