jasqazaq.kz

Елбасының қатысуымен Республикалық жастар форумы өтуде

01 желтоқсан 2016, 12:23

zhastar

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Республикалық жастары форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Форум жұмысына қатысу үшін арнайы келген Қазақстан Президенті ең алдымен: «Жастарымыз бақытты болсын! Еліміздің болашағы сендер арқылы мықты болсын! Қазақстанымыз, еліміз мәңгілік болсын!» — деп ізгі тілегін жеткізді. Осыдан кейін Астана қалалық мәслихатының жас депутаты Асхат Оралов сөз алып, бүгінгі күн Қазақстан жастары үшін ерекше күн екендігін баса айтты. «Бүгінгі форумның Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні аясында өткізілуі зор мәртебе. Әсіресе, осы айтулы шараға өзіңіздің тікелей келіп қатысуыңыз форумның маңызын одан ары асырып отыр. Бұл сіздің Қазақстан жастарына көрсеткен шексіз қамқорлығыңыз бен биік сеніміңіз деп білеміз. Биыл еліміз үшін ерекше мереке — ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Осы ширек ғасырдың ішінде өзіңіздің дана басшылығыңызбен еліміз толағай табыстарға қол жеткізді. Соның ішінде әсіресе жастарға бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер беріліп, даңғыл жолдар ашылды. Осы орайда өзіңізге еліміздің бүкіл жастарының күні кеше ғана бүкіл ел болып қабылдаған Тәуелсіздік декларациясын жан-жақты қызу қолдайтындығын жеткізгім келеді», — деді ол.  Сонымен қатар ол форум жұмысына еліміздің білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт және қоғамның басқа да салаларынан шыққан ең белсенді жастары қатысып отырғанын айтты. «Осы орайда форум делегаттары мен бүкіл ел жастары атынан  Сізге  еліміздің тәуелсіздігі жолында атқарып келе жатқан өлшеусіз еңбегіңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар бүгінгі ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесімен өзіңізді шын жүректен құттықтаймыз», — деді Оралов.

ҚазАқпарат

06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке