jasqazaq.kz

Елбасы: Кеңес Одағының ыдырауы табиғи процесс еді

28 қараша 2016, 22:37

elbasy

Кеңес одағының ыдырауы табиғи процесс болды. Бұл туралы «Россия 24» телеарнасына сұхбат берген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өткеніміздің жақсы немесе жаман болуы  — тарих еншісінде. Тарихты қайта жасай алмайсың және шартты рай бұл ретте орынсыз. Мен адамдардың барлық талқылауларын оқимын, естимін. Маған әр уақытта да осы сауалды қоятындықтарын да түсінемін. Мен сол уақыттағы дауылдың ортасында қалдым десем де болады. Барлығын өз көзіммен көрдім, сезіндім. Әрине, уайымдадым да. Егер сіздердің естеріңізде болса, осынау буырқанған пікірталастар соңғы жылдары халық депутаттары съезінде жүріп жатқан кезде Орталық Азия мен Қазақстанның депуттары реформалар мен Кеңес одағын сақтап қалу жағында болған еді. Осылай болды, өйткені қарым-қатынас сондай еді. Түрліше айтып, жорамалдарға ерік беруге болады. Бірақ, Одақтың ыдырауы бұл табиғи процесс», — деді Назарбаев. Осы ретте Мемлекет басшысы бәсекелестікке шыдай алмайтын компаниялардың барынша табысты компанияларға жұтылып кететіндігін мысалға келтірді. Елбасының атап өтуінше, Кеңес одағы барлық соғыстарда жеңіске жеткенімен, жаһандық экономика жарысында оның экономикалық ресурстары жетіспеді және соның салдарынан КСРО-ның саяси жағдайы жеңіліске ұшырады.

ҚазАқпарат

05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)