jasqazaq.kz

Елбасы Иран президентіне көңіл айтты

19 ақпан 2018, 11:11

Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам республикасының президенті Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мемлекет басшысы Ирандағы жолаушылар ұшағы апатының салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін», – делінген жеделхатта.
Еске сала кетейік, 19-ақпанда Иранның Исфахан провинциясында бортында 66 адам болған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Тегеран-Ясудж ішкі рейсін орындаған әуе кемесінде 60 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі болған.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды