jasqazaq.kz

Елбасы: Біз ДАИШ-ты жеңудің аз-ақ алдында тұрмыз

16 қараша 2017, 16:09

Астана клубының үшінші отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Сирия келіссөздеріне бейтарап қатысушы ретіндегі көзқарасы туралы Австрия сыртқы істер министрі Бенита Ферреро-Вальднердің сұрағына жауап берді.

Қазақстан басшысы қазір әлемді алаңдатып отырған маңызды мәселелердің бірі терроризм екенін атап өтті.

«Үш мәселе бар. Бұл – терроризм, ядролық қарусыздандыру және Солтүстік Корея мәселесі. Бұл үш мәселені әлем елдері, әсіресе, АҚШ, Ресей, Қытай секілді ұлы державалар бірікпей, шеше алмаймыз. Айталық, күш біріктірмесек,Солтүстік Корея мәселесін бейбіт жолмен шешу мүмкін емес. Дегенмен бұл үш державаның арасында экономикалық, саяси мәселелер бойынша келіспеушілік бар. Сондықтан бұл бізді алаңдатады. Сирия біздің өңір, бізден алыс емес. Жастарды алдап-арбап, ақшаға қызықтырып, соғысуға тартып жатыр», — деді Н.Назарбаев.
Президент сонымен қатар Астанада Сирия келіссөздерінің жеті кезеңі өткенін еске салып өтті.
«Мұнда соғысып жүрген жасақтардың командирлері болды. Құрамы өте күрделі, пікірлер әр түрлі, келіссөздер қиын өтті. Біз ұлы жетістіктерге жетеміз деп долбар жасауға болмайды, алайда алға жылжып жатқанымыз сөзсіз. Сондықтан біз ДАИШ-пен күресте әлемге пайдалы іс жасап жатырмыз деп есептеймін. АҚШ-тың басшылығындағы коалиция Ресей, Түркия және Иранмен бірлесе жұмыс істеп, нәтижеге қол жеткізіп отыр. Біз бұл ұйымды жеңудің аз-ақ алдында тұрмыз. Алайда одан әрі не болатынын ойлау керек», — деп түйіндеді Назарбаев.

sputniknews.kz

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті